Жасанды интеллектіні меңгерген оқушылар
Мектеп қабырғасында жасанды интеллектіні қолдану – заман талабы. Соңғы жылдары заманауи технология білім беру саласына да етене еніп, оқушылардың жаңа бағыттарды меңгеруіне жол ашты. Ал оның мүмкіндігін мектеп оқушылары қалай пайдаланып жүр? Тілшіміз Нұртас Қайролдаев біліп қайтты.
Жасанды интеллект – білім саласындағы жаңа мүмкіндік. Президент тапсырмасына сәйкес елімізде мектептерге жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, білім сапасын жақсартуға бағытталған. Шығыс Қазақстандағы білім беру ұйымдары да заман талабына сай жаңа технологияларды игеріп, болашақ мамандарын даярлауға ден қоюда.
Нарзангүл Ахметова, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің директоры:
Былтырғы оқу жылы кезінде мұғалімдердің 100% оқу курсінен өтіп келді деп айта аламыз. Жас мамандар да келіп жатыр. Бұл үлкен серпіліс берді, үйткені мұғалімдердің сабақтары қызықты тартымды өтуде. Оқушылар да қызығушылық танытып түрлі пәндерден жоба бастап. Сол жобаларды ЖИ мен жасап жатыр. Мысалы робот құрастырудан да оқушылар өз жетекшісімен халықаралық деңгейге шығып жатыр.
Робототехникамен айналысатын оқушылар облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда бақ сынап жүр. Үздіктері шетелдік додаларға жолдама алып, алдағы оқу жылында Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғайтын болады.
Нартай Нұрашев, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің робототехника үйірмесінің жетекшісі:
Біздің оқушылар облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпазы болып келеді. Мысалы біздің балалар Дубайда керемет жобаларын қорғап келсе. Биылғы жылы Кореяға және Пуэрто-Рикоға жолдама алып отыр. Тамыз айында балалар оқу-жаттығу жиынына барады.
Мұнда оқушылар робототехникамен қатар C++ және Python бағдарламалау тілдерін меңгеріп, жасанды интеллектті өз жобаларында қолдануда. Сондай-ақ 3D модельдеу арқылы роботтарға қажетті бөлшектерді өздері әзірлеп, құрастыруды үйреніп жүр.
Ал оқушылардың айтуынша, жасанды интеллект білімін жетілдіруге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Заманауи технологияларды меңгеру – болашақта сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік береді.
Әйгерім Аукенова, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің оқушысы:
10-сыныпта оқимын осы мектепте.....роботатехника саласында айналысамын. Роботатехника мен үшін.....жүргім келеді. Жасанды интелект біздің білімімізге... ЖИ қолданып жатыр.
Қорыта айтқанда, жасанды интеллект – болашақтың технологиясы ғана емес, бүгінгі білім беру жүйесінің маңызды бөлігіне айналып отыр. Мектеп қабырғасында жүзеге асып жатқан осындай жобалар оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, инженерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады.
Нұртас Қайролдаев