Желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында Мемлекет басшысы 2022 жылғы халыққа арнаған Жолдауында «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасын ұсынып, жаңа тариф саясатына көшу туралы айтқан болатын. 2023-2029 жылдарға жоспарланған жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселені шешіп, желілерді қайта жаңартуға және қызмет сапасын жақсартуға негіз болмақ. Құжат қолданысқа енгеннен бастап жобалық негіздегі бірқатар жұмыстар нақты бекітілді. Нәтижесі де жаман емес. Осы ретте 2025-2026 жылдарға арналған тарифті өзгертуге негізделген инвестициялық жобалар тыңдалып, нақты ұсыныстар ортаға салынды.

 «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы негізінде 2025-2026 жылдарға арналған тариф саясатына қатысты жария тыңдалым өтті. Облыс орталығын жылумен әрі жарықпен қамтамасыз етіп отырған екі бірдей кәсіпорын өкілдері өздерінің жобаларын таныстырып, ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, «Шығыс жылуы» АҚ өткен жылы 29 учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жылу желілерін жаңартқан.

Бұл бірқатар мәселені шешіп, тапшы мамандар қатарын толықтыруға, жұмысшылардың еңбекақысын өсіруге септігін тигізеді. Ал «Өскемен ЖЭО» ЖШС 9 қазандық 8 турбина бар. Осы жолы ұсынған жоба құны10 млрд. теңгеден асады.

Жобада тариф құнының өсуін жауаптылар көмір, мазут, электр энергиясы бағасының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Сонымен қатар осы жоба арқылы қарапайым жұмысшылардың еңбекақысын 23 пайызға арттыру көзделген.

Қазіргі кезде жоғарыда айтылған өтінімдер мен тариф бағасының қанша пайызға өсетіні Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің қарауында. Тарифтің нақты бағасы туралы шешім 25 қаңтарда белгілі болады.