Биыл облыстың құрылыс саласында екі ұлттық жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларымен салынған ғимараттар бой көтерді. Аймақ инфрақұрылымын дамытуға сеп болған жұмыс облыс орталығынан бастап, шалғай елді мекендерді де қамтыды.
«Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары биыл басталып, жыл соңында уақытылы аяқталды. «Жайлы мектеппен» құрылысы басталған аймақтағы 7 мектептің бесеуінде 2024 жылдың соңында құрылыс-монтаждау жұмысы бітті. Олар – Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонаиха және Глубокое аудандарындағы мектептер. 900 орынға арналған Өскемен мен Опытное поле ауылындағы екі мектептің құрылысы биыл аяқталады. Барлық 7 мектеп инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған.
Атап өткендей, мектептер «аймақтарға бөлінген» яғни, үлкен сыныптар мен кіші сыныптар бір-бірімен қиылыспайды. Бұл түрлі қолайсыздықтарды болдырмауға сеп. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де арнайы жағдай жасалған. Ал, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасымен 2024 жылы іргетасы қаланып басталған 18 нысанның он жетісінің құрылысы аяқталды. Оның ішінде Алтай, Тарбағатай, Зайсан, аудандарында үш ғимараттан, Ұлан, Катонқарағай, Үлкен-Нарын аудандарында бір мекемеден салынса, Глубокое ауданында бес ғимарат салынды. Шемонаиха ауданы Волчанка ауылында орналасқан бір дәрігерлік амбулатория осы жылы аяқталатын болады. Жалпы, аталған Ұлттық жоба аясында облыс бойынша ауылдық жерлердің 25 мың тұрғынын қамтитын 36 медициналық нысан салу жоспарланған.