7- қаңтар күні проваслав қауымы рождество мерекесін атап өтті. Шарадан қала тұрғындары қалыс қалған жоқ. Мерекелік кеште облыс орталығындағы өнер ұжымдары ән айтып, би биледі. Жәрмеңкеде ұйымдастырылды.
Мұражай-қорық пен Достық үйі бірлесіп Рождество мерекесіне орай шара ұйымдастырды. Мереке металлургтер мәдениет сарайының алаңында өтті.
Адамдарға жақсылық тілеп, мейірімділік таныту, кешіру - Рождествоның мән-мағынасы. Сондықтан, барша тұрғындар бір-біріне жылы сөздерін айтып, мерекемен құттықтады.
Ал жәрмеңкеде жиналған қауым ұлттық тағамдар көрмесін тамашалап, астан дәм татты.
Шараға келушілер үшін тақырыптық көрмелер мен фотоаймақтар ұйымдастырылды.