Қатонқарағай Ұлттық табиғи паркінде қазір қардың қалыңдығы бір метрден асты. Алда әлі 5 ай қыс бар. Орман- тоғайды мекендейтін аң-құс қорек таба алмай қиналады. Сондықтан ұлттық парк қызметкерлері бүгінге дейін дейін 30 тонна шөп, 3 мың келі жем және 4 мың келі тұз шашты. Қалың қарда ормандағы жан-жануар мен құс қорексіз қалмас үшін бұл жұмыс көктемге дейін жалғасады. Қазір ұлттық парктің қоймасында 290 тонна жем шөп,1 тоннаға жуық тұз бар.