ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Сайров пен Ұлықбек Тұмашинов Өскемендегі гемотологиялық орталықтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Депутаттар бұл орталықтың аймақтағы медициналық туризмді дамытуға оң ықпал ететінін айтты. Гемотологиялық орталық – қан және жүрек ауруларын жоғары деңгейде диагностикалау мен емдеуге мүмкіндік береді. Елдегі жалғыз орталықтың құрылысы бірнеше жыл бұрын басталған. Бірақ, қаржы тапшылығынан құрылыс тоқтап қалған. Қазіргі таңда нысанның құрылысы жалғасын тауып, ішкі әрлеу жұмыстары мен жабдықтау процесі жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны – 71 миллиард теңге. Орталық әлемдік стандарттарға сай жабдықталып, молекулалық-биологиялық және генетикалық зертханалар жұмыс істейді. Бұл халыққа диагностикадан бастап, оңалтуға дейін кешенді қызмет ұсынуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта халық үшін де, ақ халаттылар үшін де медициналық кешеннің тиімділігі мол болмақ. Өңір дәрігерлері бұл жердің теңдесіз орталыққа айналатынына сенімді. Мұнан соң, Мәжіліс депутаттары қалалық әкімдікте жиын өткізді. Негізгі көтерілген мәселе - экология, жол мен жылу. Жиын соңында мәжіліс депуттары жергілікті депутаттардың ұсыныс-пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Сайров пен Ұлықбек Тұмашинов Өскемендегі гемотологиялық орталықтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Депутаттар бұл орталықтың аймақтағы медициналық туризмді дамытуға оң ықпал ететінін айтты.

Гемотологиялық орталық – қан және жүрек ауруларын жоғары деңгейде диагностикалау мен емдеуге мүмкіндік береді. Елдегі жалғыз орталықтың құрылысы бірнеше жыл бұрын басталған. Бірақ, қаржы тапшылығынан құрылыс тоқтап қалған. Қазіргі таңда нысанның құрылысы жалғасын тауып, ішкі әрлеу жұмыстары мен жабдықтау процесі жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны – 71 миллиард теңге.

Орталық әлемдік стандарттарға сай жабдықталып, молекулалық-биологиялық және генетикалық зертханалар жұмыс істейді. Бұл халыққа диагностикадан бастап, оңалтуға дейін кешенді қызмет ұсынуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта халық үшін де, ақ халаттылар үшін де медициналық кешеннің тиімділігі мол болмақ. Өңір дәрігерлері бұл жердің теңдесіз орталыққа айналатынына сенімді.

Мұнан соң, Мәжіліс депутаттары қалалық әкімдікте жиын өткізді. Негізгі көтерілген мәселе - экология, жол мен жылу.

Жиын соңында мәжіліс депуттары жергілікті депутаттардың ұсыныс-пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.