Өткен жылы тәртіп сақшылары қоғамдық орындарды ластауға қатысты 1190-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтаған. Ал жыл басталғалы 25-ке жуық жағдай тіркелген. Сала мамандары осы сынды құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Ұсақ бұзақылықтың басым бөлігі Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталады.
Жедел басқару орталығының көмегімен 500-ге жуық құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Қазіргі таңда бекітілген талапты елемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес қоғамдық орындарды ластауға тыйым салынатынын ескертеді.
Облыс орталығында бейнебақылау камераларының саны екі есеге артқан. Жаңа камералар арқылы соңғы 3 айда тек Өскеменнің өзінде 15 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.