Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы даму кезеңіне байланысты ел алдына көптеген жаңа міндет қойды. Әсіресе, Президент еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екенін айтты. Сондықтан, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл шешім ел экономикасының дамуында жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
Мемлекет басшысының бастамасы – жастарды жұмысшы мамандықтарға бағыттау, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қоғамның осы салаларға көзқарасын жақсарту үшін жасалған нақты қадам. Өскемендегі техникалық колледж бұл бағытта көп жұмыс атқарып, мемлекеттің болашағы білімде екенін іс жүзінде дәлелдеп келеді. Сөзге дәлел Ералыдай студент. Болашақ энергетиктің алдына қойған мақсаты айқын.
Жұмысшы мамандықтарды насихаттау және олардың мәртебесін көтеру жолында колледж ұжымы аянбай еңбек етуде. Аталған оқу орнында 2011 жылдан бастап дуальді оқыту жүйесі іске қосылған. Оның тиімділігі – студенттер теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, өндіріске араласады. Жұмыс істеу барысында еңбек келісімшарты жасалып, сәйкесінше разряд алып, тіпті өндіріс орны жалақы да төлейді. Ал ең бастысы – бұл мерзім еңбек өтіліне есептеледі.
Мемлекет басшысының халқымызға арнаған Жолдауы ел дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, жұмысшы мамандығының беделін де көтерді.