Елде айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты әлеуметтік саладағы төлемдер көлемі де өзгерді. Енді ол 3 932 теңгені құрайды. Сәйкесінше, құжаттарды әзірлеуге салынатын баж салығының мөлшері де артты. ХҚКО өзгеде жаңашылдықтар жайлы әріптесім тарқатсын.
Айлық есептік көрсеткіштің өсуі құжаттарды рәсімдеу кезіндегі төлемдердің артуына әсер етті. Мәселен, автокөлік жүргізушілеріне қажетті құжаттарды ресімдеуге салынатын баж салығы артты. Жүргізуші куәлігін беру 4915 теңгені құраса, автомобильдің мемлекеттік тіркеудегі нөмірін алу 11 009 теңге.
Ал жеке куәліксіз немесе мерзімі бір айдан көп уақыт өтіп кеткен құжатпен жүргендерге биыл 7 АЕК немесе 27 524 теңге айыппұл салынады. АЕК мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.