Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялады. Осыған орай техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін реформалау мақсатында бүгінгі Үкімет отырысында жауаптыларға нақты тапсырма берілді. Арнайы жоспар бекітіліп, 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды. Әр өңірдің ерекшеліктері ескеріліп, еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандары даярланады. Шығыс Қазақстан өндірісіті өлке болғандықтан техникалық маман иелері еңбек нарығында сұранысқа ие. Сонымен қатар бірнеше колледж облыстағы ірі кәсіпорындарымен меморандумға отырған. Алдағы уақытта бұл әріптестік одан әрі нығая түсетіндігіне колледж директорлары мен кәсіпорын басшылары нық сенімді.
Болашақта ел мектептерінде 1000 бейінді сынып ашу жоспарда бар. Биылғы оқу жылынан бастап бір студентті оқытуға бөлінетін қаржы екі есеге өседі.Үкімет отырысында сонымен қатар мемлекеттік колледждердің материалдық - техникалық базасын жақсарту, оқытушылардың біліктілігін арттыру басты басымдықтың бірі екендігі айтылды. Дуалды оқыту жүйесін дамыту мақсатында кәсіпорындар тапсырысы бойынша маман даярлау үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды тарту, шетелдік колледждермен тәжірибе алмасу жоспарда бар. Ол студенттердің білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде осы сала манадарына сұраныс жоғары. Ал екі бірдей өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған компанияда 3000 аса адам еңбек етеді. Кадр тапшылығы оларда да бар. Жұмысшы мамандарын даярлауға қатысты Үкімет отырысында берілген нақты тапсырмалар жұмысшы мамандық иелеріне деген құрметті одан әрі арттыра түсетіндігіне компания басшысы да сенімді.
Колледж бен жұмыс беруші арасындағы байланыс нық болса, екі тарап та ұтатыны белгілі. Сондықтан бұл бастама еңбек нарығында білікті әрі бәсекеге қабілетті маман даярлауға жол ашары анық. Экономиканың дамуына серпін беретін жұмысшы мамандар үшін Үкімет басшысы жауапты ведомство өкілдеріне арнайы тұрғын үй бағдарламасын пысықтап, іске қосуды тапсырды.