ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде 2025 жылғы қысқы оқу кезеңі басталды. Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, биылға арналған жүйелі жоспарларын ортаға салды. Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде өткен шараға ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары полковник Еркебұлан Хамидуллин қатысты. Ол жиын барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің офицерлеріне мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізді.
Сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты. Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында атқарылар бірқатар жауапты міндеттер тұр.