Облыс орталығында «JastarOskemen» комьюнити-орталығы ашылды. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов, жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер қатысты.

 «JastarOskemen» комьюнити-орталығы өңір жастарының бастамаларын қолдауды әрі оны дамытуды көздейді. Жастардың жеке және кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдай жасауды мақсат етеді.

Жаңа ғимаратта орталық қызметкерлеріне арналған кеңсе бар. Мұнда түрлі мәселелермен келгендерге қолдау көрсетіледі. Жұмысқа орналасу және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жөнінде бағыт-бағдар беріледі. Ал келесі бөлімде негізгі тоғыз бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Комьюнити орталықта коворкинг, хореография, дыбыс жазу студиясы, еріктілерге арналған бөлме, медиа орталық орналасқан.

Орталық өңір жастарын бір арнаға тоғыстыратын, ортақ мақсатты жүзеге асыруға, оны дамытуды көздейтін алаңға айналмақ.

Орталықтың ашылу салтанатына ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов қатысты.

Облыста 173 мыңнан астам жас бар. Өткен жылы олардың 8 мыңға жуығы өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.