Негізгі Жаңалықтар Аймақ әкімдігіндегі тағайындаулар

Аймақ әкімдігіндегі тағайындаулар

Облыс әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады. Басқармаға басшы болып Ернұр Бурахан тағайындалды. Ол әр жылдары ШҚО әкімінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз хатшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында қызмет еткен. 2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. Сондай-ақ, Ермек Көшербаев Самат Қасеновті облыстық Мәдениет басқармасының басшысы етіп тағайындады. Ол 2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде қызмет еткен. 2013 жылдан бері Мәдениет басқармасының мәдениет және өнер басқармасында жұмыс істеген. Кейін басқарма басшысының орынбасары, бүгінге дейін міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Бөлісу