Қазақстанда тұмау маусымында дертке шалдығу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Эпидмаусым басталғалы елде екі миллионнан аса азаматта жіті респираторлық вирустық инфекция анықталды. Оның ішінде метапневмовирустың 30 жағдайы тіркелген. Қоғам арасында тараған үрей мен түрлі ақпаратқа Президент те үн қатты. Мемлекет басшысы бұл мәселе бойынша толқудың немесе даңғаза жасаудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
Алаңдауға еш негіз жоқ екенін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының өкілі – Маргарет Харрис те ескерткен еді. Оның айтуынша, бұл жыл сайын тірклетін ауру. Аталмыш инфекция тұмаудан да әлсіз келетін көрінеді. Көбінесе, метапневовирусқа балалар мен қариялар, иммунитеті төмен азаматтар шалдығады. Жалпы, жедел респираторлық вирустық инфек¬ция алты мыңнан астам облыс тұрғынында тіркелген. Оның жартысына жуығы балалар. Алайда, өңірде метопневмовирусқа шалдыққандар жоқ.
Метапневмовирустың негізігі таралу көзі – ауа тамшысы. Инфекцияның басты белігісі – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, бас ауруы. Облыс бойынша тұмауды анықтайтын 6 орталық жұмыс істеп тұр. Эпидемиолог мамандар тұмау белгілері анықталса дер кезінде дәрігердің қабылдауына баруды ескертеді. Сондай-ақ, тұмауға қарсы екпе алу да инфекциның алдын алуға жәрдемдеседі.
Дәрігерлер санитарлық талаптарды сақтап, дұрыс тамақтануды да ұмытпауды ұсынады. Қоғамдық орында бетперде тағып жүру де артық етпейді. Сондықтан, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал.