Ұлан ауданында да «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Шара аясында мәдениет үйінде азаматтарды қабылдау жүргізілді. Мамандар өз кезегінде сапалы қолжетімді заңгерлік кеңесті аудан тұрғындарына ұсынды.

Мамандар тұрмыстық мәселелер мен алаяқтық қылмыстар бойынша арыз-шағымдар көбейгендігін айтады. Сондай-ақ, аудан тұрғындары әлеуметтік жағдай, тұрғын үй мәселесі, жарықтандыру, жолдардың сапасы бойынша сұрақтарын қойды.

Маделхан Піржанов, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:

Халық заңгері республикалық акциясы Ұлан ауданында да өткізіліп жатыр. Басты мақсаты аудан тұрғындарымызға мелекеттік, жергілшікті атқарушы орган өкілдерінің құқықтық және өзге де сұрақтарына жауап беру.

Бүгінгі іс шара республика көлемінде жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобаның бір бөлігі. Мемлекеттік мекемелер мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуға арналған акция тек бір күннің аясында ғана өткізілмейді. Қатысушылар бұл мемлекеттік институттардың жүйелі форматы екендігін айтады.

Айдар Бердыкенов, Ұлан ауданы прокурорының орынбасары:

Акция Ұлан әкімдігі жеке сот орындаушылары , тағы басқа мемлекеттік органдар қатысуда.

Заң тұрғысынан кеңес алуға келгендердің бірі, зейнеткер - Амангелді Уәлиев. Ол аудандағы көше қиылыстарындағы жол белгілерінің жоқтығына алаңдаулы екендігін жеткізді.

Амангелді Уәлиев, аудан тұрғыны:

Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері бар ал қай басты көше, қайсы қосалқы көше, тағы да жол қауіпсіздігін сақтайтын белгілер жоқ. Сондықтан жаңа мен ауыл шаруашылығы тұрмыстық мекемесінің басшысына келіп сұрағымды қойдым.

Басқосуда ауылды жерлердегі жер көлемдерінің пайдаланылуы жөнінде де тілге тиек етілді. Айта кетейік, аталмыш акция бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде өтті. Осылайша қаншама азамат білікті мамандардан сұрағына жауап алып, көкейкесті мәселелері шешімін тапты.

Аяулым Усинова