Күршім ауданы ағымдағы жылдың тоғыз айын тұрақты өсім көрсеткішімен аяқтады. Қай саланы алып қарасаңызда өсім бар, Бүгінгі күні өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,6 млрд. теңгеден асты, негізгі капиталға 6 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұдан бөлек азаматтарды баспанамен қамту мәселесі де игі шешімін тауып келеді. Биыл Күршімде төрт мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Күршім ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде. Өндірілген өнім көлемі 19 млрд. теңгеден асты. Егістік алқаптарының 96 пайызы жиналды. Негізгі дақылдар бойынша жоспар толық орындалды. Қожалық иелері жаңа техникамен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, мал шаруашылығы да мемлекеттің қолдауы аясында қарыштап дамып келеді. Ауданда маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Жолдар ретке келтіріліп, елдімекендердің 95 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау шеңберінде өз кәсібін ашқан азаматтардың да қатары артқан. Бастама аясында жергілікті билік өкілдері жұмыссыз жүрген азаматтардың санын төмендетуді көздеп отыр.
Мейржан Альбеков, Күршім ауданының әкімі:
2025 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 787 жұмыс орнын..............Облыстық көрсеткіш 74 пайыз.
Ауданда тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды іске асыру жалғасуда. Бұдан бөлек, білім беру саласында да атқарылған шаралар легі ауқымды. Мәселен, Бірлік ауылында заманауи мектеп ашылды, тағы бір оқу орны Қыстау-Күршім ауылында салынып жатыр. Денсаулық сақтау саласында медициналық жабдықтар жаңартылып, аудан тұрғындары үшін қызметтердің қолжетімділігі мен мүмкіндіктері кеңейтілуде. Ауданда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.
Мейржан Альбеков, Күршім ауданының әкімі:
Бірқабатты Шығыс бойынша тұрғындар тарапынан сұрақтар көп болған...............Үнемі жіті бақылауда болатын жұмыстар.
Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы шаралар легі жалғасады. Алдағы уақытта жол жөндеу, ауыл-аймақты абанттандыру жұмыстары, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін таппақ.
Дильназ Мурзагалиева