Облыс орталығында «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы қала тұрғындарына Үлкен Нарын ауданының өнімдері ұсынылды. Кәсіпкерлер ет, бал, сүт тауарларын қолжетімді бағада сатты.

Таң сәріден бастап «Алтай» көтерме – бөлшек сауда орталығының аумағында жұмыс қызу. Үлкен Нарын ауданының кәсіпкерлері жәрмеңкеге тыңғылықты дайындалған. Тіпті қала тұрғындары мен қонақтарына арнап киіз үй де тіккен.

Нұртуған Маратұлы, Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары:

Үлкен Нарын ауданының атынан Өскемен қаласының тұрғындары және қонақтарына экологиялық таза және сапалы қолжетімді бағамен азық – түліктер ұсынып отырмыз. Сиыр еті, қой еті, жылқы еті және бал, панты өнімдері бар. Жеміс – жидектер саудалануда. Экологиялық таза және қолжетімді азық – түлікпен қамтамасыз етіп, жергілікті ауылшаруашылық өндірушілерді қолдау.

Иә, мұндағы әр тауар өз дәмімен ерекше. Сатып алушылар жергілікті,табиғи, артық қоспасыз өсірілген өнімдерге қызығушылық танытты.

Жаслан Қасенов, кәсіпкер:

Біз Үлкен Нарын ауданы Алтынбел ауданынан келіп тұрмыз бүгінгі жәрмеңкеде халыққа арзан бағамен ет әкелдік. Сиыр еті міне жазылып тұр. Бектілген баға 3300 рұқсат берілген бізге. Одан кейін бал 3000 кг. Халық келіп жатыр.

Мұндай жәрмеңкенің тұрғындар үшін артық тұсы көп. Ең алдымен бағаның төмендігі. Себебі, тауар алыпсатарлардың қолына тимей бірден өндіруші арқылы сатылады. Үстеме баға қосылмайды. Жергілікті жұртшылық дән риза.

Жәрмеңкеде барлығы мерекелік көңіл күйде жүрді. Шара аясында концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар да ұйымдастырылды.

Гүлдана Айдарқызы, Руслан Абугалиев