Облыс орталығында «Заң және жастар» атты ашық кездесу ұйымдастырылды. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар және оқытушылар қатысты. Шараның мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Шара «Заң мен тәртіп» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Кездесуге құқық қоғау органдарының өкілдері, психологтар және жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Олар азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңға қайшы әрекеттердің алдын алу және құқықтық сананы қалыптастыру тақырыптарын талқылады.

Мұхтар Құмарбек, студент:

Мен осы бүгін өткен профилактикадан түсінгенім ақша оңай жолмен келмейтінін және жаман жолға бармау керектігін түсіндім. Келешекте өсіп келе жатқан балалар жаман жолға түспеуінің алдын алды деп ойлаймын. Есірткіге жоламау керек.

Мамандар жиында нашақорлық, интернет тәуелділігі және өзге де әлеуметтік мәселелерге тоқталып, саналы таңдау мен құқықтық сауаттылықтың маңызы төңірегінде сөз қозғады.

Сағатбек Малтүгелов, ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі:

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында студенттермен кездесу өткіздік. Шара барысында студенттерге құқықбұзушылықтың салдары түсіндірілді. Мұндай кездесулерді біз Шығыс Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығының мамандарымен бірлесе өткіземіз. Аталған шара жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруды көздейді.

Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді дейді.

Талант Тұрсынов