Негізгі Жаңалықтар Қаланың жаңа прокуроры таныстырылды

Қаланың жаңа прокуроры таныстырылды

Облыс орталығында жаңа прокурор ресми түрде таныстырылды. Бұл жауапты қызметке Руслан Әлішев тағайындалды. Ол бұған дейін Абай облысы прокурорының орынбасары болған. Руслан Рүстемұлы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Орталық Азия университетінің түлегі.

Ерлан Бұланбаев, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары:

Руслан Рүстемұлы еңбек жолын Жамбыл облысының проркуратура органдарында бастаған. Кейін Бас прокуратурада, сондай-ақ Жамбыл облысының көлік прокуроры, |Қордай ауданының прокуроры қызметтерін атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Абай облысы прокурорының орынбасары болып еңбек етті. Жалпы еңбек өтілі – 22 жыл 11 ай. Оның ішінде прокуратура саласында – 18 жылға жуық.


Бөлісу