«Шығыс жұмыскер» бағдарламасы былтыр пилоттық режимде іске қосылған болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің жылуэнергетика саласының 17 қызметкеріне тұрғын үй алу мүмкіндігі берілді. Биыл бағдарлама сәтті жалғасын тауып, комиссия келесі іріктеу кезеңін аяқтады. Енді азаматтарға «Отбасы Банк» арқылы жеңілдетілген ипотека рәсімдеу үшін жолдама беріледі.
Іріктеу кезең-кезеңімен өтті. Маусым айында жылумен, сумен қамтамасыз ету, су бұру және қоқыс шығару қызметін көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда істейтін азаматтардан өтінім қабылданған. Ал, 24 қазанға дейін табиғи монополиялар субъектілерінің жұмысшылары өтінім берген.
Досжан Ағыбаев, ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
«Шығыс жұмыскері» бағдарламасы аясында 382 млн теңге бөлінді. 114 мамандық бойынша жалпы тізімдер дайындалды. Оның ішінде таңдап алынған 33 қатысушы өтті. Соның 19 бүгінгі комиссия мүшелерімен іріктеліп ары қарата үй алуға мүмкіндік алды.
Комиссия шешімімен қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдері жасалады. Бұдан кейін, үміткерлер «Отбасы Банкке» жолдама алады. Мұнда төлем қабілеттерін растау үшін өтініш беріп, құжаттарын рәсімдейді. Осы тұста сала мамандары өзге де тиімді бағдарламаларды тілге тиек етіп өтті.
Қаршыға Жақсылықов, «Отбасы Банк» АҚ ШҚОФ директорының орынбасары:
3 қарашадан бастап «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары іске қосылады. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан 500 миллиард теңге бөлінді. «Наурыз» бағдарламасы аясында қараша айында конкурс өткізілетін болса, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасында ешқандай конкурс болмайды. Барлық жұмысшы мамандықтары осы конкурсқа қатысып, өтініш бере алады. Сондай – ақ бірден мақұлдауға ие болады.
Өтінімдерді жан – жақты қарау үшін арнайы комиссия құрылған. Олардың қатарында мемлекеттік органдар мен тиісті салалық ұйым өкілдері бар.
Галина Казанцева, ШҚО Кәсіпкерлік қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:
Мен екі жыл қатарынан комиссия құрамында болдым. Жұмысшылар өтінімдерді сауатты әрі түсінікті етіп дайындайды. Үміткерлерді таңдау кезінде ешқандай қиындықтар туындамады. Менің ойымша, бұл үкімет деңгейінде дұрыс қабылданған шешім.
«Шығыс жұмыскер» бағдарламасы мамандарға жеңіл шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін тиімді жоба. Өңірдің коммуналдық саласының кадрлық әлеуеті артып, әлеуметтік қолдауда сеп.
Гүлдана Айдарқызы, Яна Мумлева