Мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау — қоғамның сенімін арттырудың маңызды тетігі. Осы мақсатта Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Зайсан ауданына жұмыс сапарымен барды. Мұнда мемлекеттік қызметшілерге заң талаптары мен кәсіби әдеп ережелері түсіндірілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ержан Айқымбеков аудан активімен кездесіп, мемлекеттік қызметтің жаңа даму тұжырымдамасы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін таныстырды. Бұдан бөлек, отырыста Зайсан және Марқакөл аудандары әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің есептері тыңдалды. Кеңес шешімдері жергілікті атқарушы органдарға жолданып, мемлекеттік қызметтің сапасы мен беделін арттыруға бағытталмақ.

Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы:

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің ШҚО әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі кезекті отырысы өтті. Мұнда бес сұрақ қаралды. Төртеуі профилактикалық заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша сұрақтар. Бір тәртіптік іс қаралды. Тиісті сұрақтар бойынша әдеп және кеңес мүшелерімен ұсыныстар әзірленді. Дауыс беріліп қабылданды. Олар орындаушы мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

Кеңес аясында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мен бұзушылықтардың алдын алу тетіктері талқыланды. Сонымен қатар көптің назарын аударған Шілікті ауылдық округі әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Жиында сөз алған ауыл тұрғындары әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінен Қуаныш Төлеуханұлының ел игілігі үшін еңбегін айтып, қызметінде қалуын сұрады.

Отырыста ауылдық округ әкімінің ісі жан-жақты зерделеніп, қатысушылардың пікірлері тыңдалды. Кеңес мүшелері жағдайды егжей-тегжейлі қарап, ортақ шешім қабылдады.

Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы:

Ал енді резанансқа ие болған Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік тергеп тексеру қортындысы бойынша материалдары талқыланып, зерделеніп, барлықтары тыңдалды. Оның ішінде Аудан әкімі, мемлекеттік қызметшілер де, сол Шілікті ауылының тұрғындары да. Олардың пікірлері тыңдалып, Басшылыққа алып. Осылай бірінші рет әдеп нормаларын бұзғаны үшін, әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен ашық дауыс түрінде қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тарту ұсынылды. Енді болашақта осындай әдептілік нормаларын бұзуға жол берген жағдайда ол қызметшіге басқаша шешім қабылданатын болады.

Көшпелі кеңестің мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәдениетін нығайту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Мұндай шаралар мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз етіп, халық сенімін күшейтуге бағытталған.

Нұртас Қайролдаев