Облыс орталығында Глубокое ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды. Есептік кездесу барысында көтерілген негізгі бағыттар экономика және инвестиция, өнеркәсіп, туризм және инфрақұрылым, тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы.

Жиында Глубокое ауданының әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы тұрақты екендігі айтылды. Биыл аудан негізгі көрсеткіштер бойынша оқ бойы озық келеді. Атап айтқанда, жаңа кәсіпорындар салынып, жұмыспен қамту бағдарламалары жүйелі жүзеге асып, шағын және орта бизнесті қолдау қарқынды жүргізілуде.

Эльдар Тумашинов, Глубокое ауданының әкімі:

Биыл өнімділік бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізгендігімзді мақтанышпен айта аламын. Тіпті кейбір шаруашылықтар рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, 1 гектардан 67 центнер өнім алдық. Білетініңіздей, бұл өте жоғары көрсеткіш. Себебі, бізде суармалы жер жоқ. Соның өзінде, өзіміздің күшпен өнімдерді табиғи жолда алып отырмыз. Бұл жердек атап өтерлігі, жұмысшылардың ерең еңбегі.

Глубокое ауданы қысқы туристік маусымға белсенді дайындалуда. Себебі, мұнда облыстың түкпір-түкпірінен келетін турист саны жетерлік. Шаңғы, сноуборд сынды спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Аудан басшылығы ары қарай да осы жолда аянбай еңбек етпек.

Эльдар Тумашинов, Глубокое ауданының әкімі:

Бізге қарасты 22 база бар. Ресми тіркелген. Ерекше атап өткім келетін Алтай Альпісі мен Нұртау. Биыл іс- қағаздарын жүргізуге, құқық қорғау органдары тарапынан туындаған белгілі бір мәселелерге қарамастан, Нұртау шаңғы базасы өз қызметін жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, өткен жылдардағыдай, қызметтердің барлық спектрі және барлық инфрақұрылымы қолжетімді болады.

Глубокое ауданы Президенттің тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, тұрақты дамып келеді. Негізгі мақсат-халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы дамыту және азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

Сая Жарасқызы, Руслан Абугалиев