Шығыстағы кейбір аудандарда қардың қалыңдығы қазір екі метрден асты. Ал аймақтағы облыстық маңыздағы автокөлік жолдарының көбі тау арасында болғандықтан қарын тазалауға қыруар қаржы мен жұмысшы керек. Дегенмен облыста былтырдан бері «Жол жылы» болып жарияланған соң, саланың жұмысы серпіле бастады. Тек осы қыста автокөлік жолдарын қардан тазалауға 800-ге жуық техника дайындалды.

Көшкін түссе де, тасқын болса да, жол ашық болу керек. Сондықтан ауыр техника тізгіндейтін жүргізушілерге ерекше міндет жүктеледі. Жұмат Ауғанбаевтың бұл жұмыста жүргеніне 15 жылдан асқан. Қыста қар тазалап, жазда жол жөндейді.

Нәтиже болу үшін қар жауған сәтте-ақ техинканы шағарды.Өйткені бұралаңы көп тау арасындағы жолдың тазалығы қауіпсіздікке әсер етеді. Бір метрдің көбі мұз. Кез келген техниканың күрегі батпайды. Сол үшін шағын аумақ болса да бірнеше техника күрейді.

Алынған қар ешқайда кетпейді. Көктемде ерігінде қарғын су болып жолды басуы мүмкін.Сондықтан көктемдегі тасқынға тосқын да ескерілерді. Жалпы облыста 5265 шақырым жол болса, оның 1238-і республикалық, облыстық маңызда 1587, ал 2440 шықырмы аудандық дәржеде. Осы жолдарды тазалауға 782 техника, 500 тонна жанармай дайындалды. 6 өндірістік жол учаскесі мен 4 жылыту орыны құрылды. 2,5 мың тонна инерттік және 100 тонна көктайғаққа қарсы материал жеткізілді.

Дайын тұрған ауыр техника қосымша күш ретінде қолданылады. Әзірше әр бағыт бойынша бөлінген техникалар күнделікті жолда жүр. Қаңтардың соңында қалың қар жауса, алда арқыраған ақ бораны бар ақпан тұр. Өйткені біздің жақта қыс ұзақ.