Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында елдегі әуежайлардың жүк тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейту үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, туристік әлеуеті зор шалғай елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту туралы нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әуе хабтарын дамыту – өте маңызды міндеттердің бірі. Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы жыл сайын 150 мың тоннаға жуық жүк тасымалданады. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті екі есе ұлғайтуға болады. Ішкі әуе бағдарларын дамытуға да айрықша назар аударған жөн. Бұл, әсіресе, негізгі туризм нысандарының инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызды
Президент тапсырмасына сәйкес, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының сөзіне сенсек, жұмыстар 2025 жылдың көктеміне қарай басталады. Жобалау жұмыстары басталмас бұрын топографиялық аэротүсірілім жасалады. Әуежайдың жұмыс істеу кестесі, мамандарды жұмысқа тарту мәселесі де құзырлы органдардың назарында болмақ.
Бүгінгі таңда Жергілікті атқарушы органдар жерді бөлу және инженерлік коммуникация жүйелерін қосу мәселерін қолға алды. Әуежайлар салынып біткен соң тұрғындар Астана, Алматы және еліміздің басқа да қалаларына қатынауға мүмкіндік алады. Ал Мемлекет басшысы туризм жобаларын жүзеге асырғанда қоршаған ортаға зиян келтірмей, экологияны сақтау барынша маңызды екенін атап өтті.