Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында елді энергетика саласын дамыту тақырыбында «Bir Tolqynda» ашық диалог алаңы өтті. Шараға мұрындық болған «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ. Мақсат - мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында атап өткен маңызды мәселелерді түсіндіру.
Жиынға энергетика саласының мамандары, сарапшылар мен студенттер қатысты.Мемлекет басшысы атап өткендей қазіргі таңда елде энергетика саласын дамыту қажет.Себебі, экономика күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет.
Экономика дамыған сайын энергияға сұраныс артатыны белгілі. Сондықтан атмосфераға зиянды көмірқышқыл газының таралуын айтарлықтай азайту қажет.
Елде соңғы жылдары қуат көзін өндіретін нысандар көптеп салынды. Алайда бұл стансалар тұтынушылардың қажеттілігін толық қамти алмай отыр, дейді жиынға қатысқан сарапшылар.
Бүкіл ел бойынша бүгінде энергия өндіретін ірілі-ұсақ 222 станса бар. Осы стансаларда жалпы қуат көзінің 66 пайызы көмірден, 22 пайызы газдан, қалған 12 пайызы гидро және күн мен желден өндіріледі. Бірақ бұл энерго нысандардың 65 пайызы ескі. Қазір 3 миллиард сағат қуат тапшы болса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 13 миллирадтан асуы мүмкін.