Шемонаиха ауданында тауарлы-сүт ферманың құрлысы жүріп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Григорий Акулов баспасөз конференциясында мәлімдеді. Жыл басын бері ауданда атқарылған өзгеде шаралар жайлы тілші тарқатсын.
Аудан әкімінің сөзінше, тауарлы-сүт ферма құрлысы қатаң бақылауда. Жаңартылған кешен 664 ірі қара малға арналған. Жоба желтоқсан айында аяқталады.
Бұдан бөлек, ауданда 1 080 басқа арналған "Рулиха" ЖШС-нің қолданыстағы тауарлы-сүт фермасын кеңейту жалғасып жатыр. Ондағы ірі қараның жалпы саны 1416 басты құрайды. Ауданда су желілерін ретке келтіруде қолға алынған.
Білім беру саласында да атқырлған шаруа ауқымды. Ауданда 300 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Қаізіргі таңда ғимараттың шатыры орнатылып, инженерлік желілер тартылуда.