Өскеменде зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Мұнда қариялар мәдени-рухани шаралар өткізіп, спорт клубтарына жазылып, бос уақыттарын тиімді өткізуге бар жағдай жасалған. Жаңа сауықтыру орнында зейнеткерлер енді гимнастикамен де шұғылдана алады.
Нұрсағила Шәмшиева жаңа орталықтың ашылғанына дән риза. Зейнеткер енді орталықта түрлі шараға қатысып, замандастарымен бірге уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге ниетті.
Бұл орталық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспары аясында қолданысқа берілді. Орталық бір күнде 30-ға жуық азаматты қабылдауға қауқарлы.
Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсететін орында қарастырылған.