Зайсан ауданында жаңа әуежай құрылысы басталмақ. Бұл туралы аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте айтты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы келесі бейнематериалда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауында Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет екенін еркеше атап өтткен болатын. Президент пәрменінен кейін аудан басшылары ауқымды шаралар легін қолға алған.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері тұрақты. Өнеркәсіп саласының қарқыны жоғары. Шығарылған өнімнің жалпы көлемі 4 млрд. теңгеден астам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 есеге артық дейді аудан әкімі.
Зайсан ауданы ауыл шаруашылық саласында да бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерген. Мәселен, асыл тұқымды мал басы санын арттыру, тауарлы сүт фермаларын дамыту және мал бордақылау алаңдарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілген. Ал Шілікті, Қаратал ауылдарында тамшылатып суару жүйесі іске қосылған.
Баспанға мұқтаж жандардың жағдайы да аудан әкімінің жіті назарында. Зайсанда тұрғын үй құрылысы да қарқынды.
Денсаулық сақтау саласына да баса мән берілген. Бүгінгі таңда аудан орталығында жаңа компьютерлік томограф аппараты халыққа қызмет көрсетуде. Бұдан бөлек, инсульттен кейінгі оңалу орталығын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.