10-11 қыркүйек күндері облыс орталығындағы бірнеше көпқабатты үйде жарық өшіп, тұрғындар әбігерге түскен еді. Мәселенің мән - жайын түсіндіру мақсатында сала мамандары қалалық әкімдікте баспасөз мәслихатын өткізді. Уәкілетті орган олқылықтың себебін анықтап, желілерді қалыпқа келтірді.
Сала мамандарының сөзінше биыл апаттық өшулер саны жиілеген. Оның да өзіндік себептері бар. Мәселен, жаңадан салынып жатқан құрылыс алаңдарында ауыр техниканы тізгіндегендер бекітілген талаптарды сақтамайтын көрінеді. Соның салдарынан жарықтың жиі сөнуі орын алады.
"Біріккен ЭнергоСервистік Компания" АҚ аумақтық директоры Ерболат Әлпиев құрылысшыларға қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Себебі, жер астындағы электр желісін табу қиындық туғызатын көрінеді.
Мамандар барлық жөндеу жұмыстары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталатынын кесіп айтты. Қалыпқа келтіру барысында облыс орталығындағы 19 шағын аудан мен «Ertis сity» тұрғын үй кешенінде жарық уақытша сөнуі мүмкін екендігін ескертеді.