Негізгі Жаңалықтар Буллингке қарсы тың бағдарламаны іске қосты

Буллингке қарсы тың бағдарламаны іске қосты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың мамандары мұғалімдерге және психологтарға арналған біліктілікті арттырудың авторлық әзірлемесін дайындады. Оқу әдістемесі зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмаған балалар арасындағы буллингтің алдын алуға бағытталған. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен мақұлданған.

Ұлттық денсаулық сақтау орталығының статистикасына сүйенсек, әрбір бесінші жасөспірім буллингтің құрбаны. Сондықтан бұл бағдарлама осы мәселені шешуге негізделген.

Бірінші лектегі курсқа Ақмола облысындағы санаториялық үлгідегі «Жұлдыз» орта-мектеп интернатының 10 мұғалімі қатысты. Болашақта курстарымыздың «географиясы» кеңейе береді деп сенемін, — деді жоба авторларының бірі Юлия Кукина.

Курсты қашықтықтан оқуға да мүмкіндік бар. Бұл тек ШҚО педагогтерін ғана емес Қазақстанның әр түкпіріндегі педагог мамандарды өзекті, жаңартылған біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу