Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында елде энергетика саласын дамыту қажеттігін мәлімдеді.Аймақ жастары да осы мәселе төңірегінде пікірсайыс өткізді.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бас ғимаратында өңір жастары бас қосып, Президент жолдауын талқылады. Бұдан бөлек, елде энергетика саласын дамыту мәселесіне қатысты өз пікірлерін ортаға салды. «Аманат» партиясының жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ұйымдастыруымен өткен турнирге мектеп оқушылары мен колледж, ЖОО студенттерінен құралған 16 команда қатысты.
Пікірсайысқа қатысушылардың айтуынша, қазіргі таңда елде энергетика саласын дамыту қажет.Себебі, экономика күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Абай облысынан келген Нұрсұлтан Қадырғазыевта осындай пікірде.
Айзат Арғынбек пікірсайысқа оқушылар арасынан келген жалғыз қатысушы. Мектеп оқушысы пікірсайыста өзінің ойын білдіріп, белсенділігін көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта осы тақырыпта тағы бірнеше турнир ұйымдастырылады.