Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екенін әрі маман тапшылығын жою қажет деді. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. Күні кеше облыс орталығында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жұмыс іздеп жүрген жастарға қолдау көрсетіліп, қалаған кәсіптерімен айналысуға мүмкіндік туды.
Аймақта техникалық саладағы жұмысқа мамандар тапшы. Сонымен қатар жергілікті жұмыс берушілерде мұғалім, дәрігерлер мен экономистерге деген сұраныс өте жоғары. Мүмкіндіктер алаңына айналған таптырмас бұл жоба жас мамандарды табуға сеп.
Өңір халқының басын қосқан бұл жәрмеңкенің мақсаты – екі қолға бір күрек таппай жүргендерге көмек көрсету. Түрлі кәсіп иелері бос жұмыс орындарын қала тұрғындарына ұсынды. Азаматтар жұмыс берушілердің түрлі ұсыныстарымен танысып, анкеталар толтырып, анықтама материалдарын пайдалануға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкеге шамамен 200-ден астам жұмыс орнын ұсынаған 40 жұмыс беруші қатысты. Шара барысында мемлекеттік грант алушылар, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігі тауарларының көрме-сатылымы ұйымдастырылды.
Енді облыс көлемінде мемлекеттік қызметкекер болғысы келетіндер үшін талаптар біршама жеңілдейді.
Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да өткізіледі.