Бүгін аймақ басшысы Ермек Көшербаев Марқакөл ауданының жаңа әкімін көпшілікке таныстырды. Бұл қызметке осы уақытқа дейін аудан әкімінің міндетін атқарған Рүстембек Кемешев тағайындалды. Рүстембек Кемешев 2019 жылдан бері Марқакөл ауылында жұмыс істеп келеді. Сондықтан ол қайта құрылған ауданның жағдайымен жақсы таныс.

Өңір басшысы жаңа әкімге ауданды дамыту жолында қарқынды жұмыс істеуге шақырды. Тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, түйіткілді мәселелерді бірлесе шешуді тапсырды. Рүстембек Кемешев өз ісіне жауапты басшы ретінде танылды. Әсіресе, қыс мезгілінде, су тасқыны кезеңінде халықпен бірге болды.