Облыстық драма және оперетта театры сахнасында Иранбек Оразбаевтың шығармасы желісі бойынша «Алтын Ажал» атты драмалық қойылымының шымылдығы ашылды. Спектакльдің режиссері – талантты театр шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов. Су жаңа қойылымның тұсаукесеріне арна тілшісі де барып қайтты.
Қойылым — ұлттық рухты жаңғыртатын, тәрбиелік мәні терең туынды. Кешке келген көрермен сахналық композициядан ерекше әсер алды.
Мәдина Құмарқызы, облыстық драма және оперетта театрының әртісі:
Осы 25 жылда талай талай образдар сомдап ойнап жатырмыз. Осы образымды санасам тура елуінші образ екен. Менің сомдап жатқан. Қазіргі жасымыз соған байланысты болғаннан кейін ананың образдарын көбірек ойнап жатқан жайым бар. Халық болашақ өсіп келе жатқан ұрпақ осы қойылымнан үлкен тәлім – тәрбие алады деген ойдамын.
Иранбек Оразбаевтың «Алтын ажал» трагедиялық дастанын сахналаған өскемендік әртістер көрерменге осы шағын аңыздың желісімен үлкен ой салды. Қойылым бір шаңырақтағы үш ұл арқылы бүгінгі қоғамдағы отбасы құндылығы, жемқорлық, алауыздық, тәрбиесіздік сынды өзекті мәселелерді қозғайды. Сонымен бірге, мұндай кеселдерден арылудың, аман қалудың жалғыз жолы – адал еңбек пен тәрбие екенін ескертеді.
Иранбек Оразбаев, драматург:
Ал Мұратжан үйде жатқан адам едім. Қоярда қоймай осы жаққа алып келдің бізді. Мынау жасаған тірліктеріңнің бәрін көріп көңіл босап, жүрек лүпілдеп, 80 ге келсем де 18 дегі жігіттей үрейленіп отырмын. Мен өзім 60 тан астам драмалық шығарма жаздым. Соның бәрі сол жылдары жазылған. Соңғы кезде әлім келмейді. Поэзия, проза басқа жанрлардың әдебиетке байланысты ең тұтқасын ұстап тұратын бұл драма. Драмалық шығарма.
Қойылымның қоюшы режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов. Театр ұжымы мен қоюшы режиссердің ортақ еңбегі арқасында бұл спектакль халық жүрегіне жетті.
МҰРАТ АХМАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:.
Бұл қойылымды жыл бұрын Автор жазған екен. Тәуелсіздік болмай тұрып алдында. Бізге бірігіп ел болайық дегенге осы аңызды бізге осы сабақ ретінде алып келіп отыр. Қазір біздің еліміздің жеріміздің байлығы көп. Соған деген беріліп кетіп, бір-бірімен алысып жұлысып ұмытып кету емес. Бірге бірігіп бір шаңырақтың астында бірге өмір сүруге шақырады.
Тұсаукесерге өңірдің зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қойылым авторына деген құрмет белгісі ретінде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов оған сыйлыққа шапан жапты.
НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Періштенің өзі жолдан тайған деп жаманшылыққа, жемқорлыққа бармауымыз керек. Артымыздағы жеткіншектерді ойласақ, балаларымызды ойласақ, болашақ елді ойласақ адалдық, аянбай еңбек ету. Сонда ғана әкенің байлығы балаға байлық болмас деп ертен өкініп қалмау үшін бір болайық.
«Алтын ажал» қойылымының соңында жиналған халық ду қол шапалақ ұрып, театр ұжымына құрмет көрсетті.
ГҮЛДАНА АЙДАРҚЫЗЫ