Табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ борышы. Жазғы демалыс маусымы басталысымен Жаңа Бұқтырма кентінде экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған "Таза Бейсенбі" акциясы өтті. "AMANAT" партиясының Алтай аудандық филиалы мұрындық болған сенбілікке түрлі ұйымдар мен жергілікті тұрғындар жұмыла атсалысты.

Жаңа Бұқтырма кентінде «АMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Игі бастамаға 60-қа жуық кент тұрғындары, Алтай аудандық достық үйнінің белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері қатысты. Мен де осы шарадан шет калмай, табиғатты тазартуға үлесімді қостым.

Жаз мезгілінде Жаңа Бұқтырма кентіне келетіндердің саны артқан. Шамамен алғанда мұнда әр демалыс күндері 60 мыңнан астам турист дем алады. Туристік әлеуеті жоғары мекеннің мұнтаздай болғаны абзал дейді, ұйымдастырушылар.

ДАНИЯР АХМЕТОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛТАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Таза Қазақстан бағдарламасының аясында «Amanat» партиясының Алтай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жаңа Бұқтырма кентінде таза бейсенбі акциясын үйымдастырып отырмыз. Бұқтырма кенті бізде туристтік орталық болғандықтан осы жерге туристтердің келуіне байланысты осы жерде тазалық жасауға шештік.

Сенбілікке қатысушылар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін тек сөзбен емес, іспен де көрсетті. Волонтер Балзия Қадырбаева тазалық акциясына Алтай қаласынан арнайы келген.

БАЛЗИЯ ҚАДЫРБАЕВА, ВОЛОНТЕР:

Біздің келу себебіміз, бұл Жаңа Бұқтырма кенті туристтердің көп келуіне байланысты таза болуы керек. Сол үшін ат салысып жатырмыз. Күміс жастағы волонтерларымыз келді және Алтай ауданы достық үйінің жұмысшылары келді. Және де «Amanat» партиясы филиалының мүшелері

Экологиялық акция аясында кент аумағынан 1 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тазалық акциясы мұнымен шектелмей, алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.


НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ