Жаз мезгілі - өрт қауіпі күшейетін кезең. Ыстық әрі құрғақ ауа –райы орман мен дала өртінің жиі қайталануына себеп болып отыр. Осыған орай өңірде төтенше өрт қауіпі режимі жарияланды.
Орман өртінің алдын алу мақсатында өңірде өртке қарсы бақылау шаралары күшейтілді. Облыста биыл 7 орман өрті тіркелді. Ал, жанып кеткен аумақ 180 гектардан асады. Өртке қарсы түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Ал аймақта өрт қауіптілігінің үш санаты Өскемен қаласында, Алтай және Зайсан аудандарында тіркелсе, төртеуі Күршім ауданында белгіленді.
МЕДЕТ МҰҚАШЕВ, ШҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Өрттің алдын алу мақсатында рейдттік шаралар жалғастыруда. Бүгінгі таңда облыс аумағында 52 мобилдік топ құрылып, қауіпті кезең басталғаннан бері 400 астам рейдттік іс шаралар жүргізген болатын. Іс шара барысында 73 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейдттік іс шаралар барысында мобильді топтар ұшу апараттарын қоладанады және жаяу жүру арқылы орман дала алқаптарын өту барысында адамдарға өрт қауіпсіздігін негізігі талаптарын жеткізумен рейдттік іс шаралар жүргізеді
Бұдан бөлек, аймақтың өрт сөндіру қызметі жоқ елді мекендерінде 48 өрт сөндіру бекеті мен 9 ерікті топ құрылды. Облыстық ТЖД құтқарушылары өрт қаупі кезеңінде азаматтарға орман алқаптарына барудан бас тартуға, от жақпауға, құрғақ шөп пен қоқысты өртемеуге және ашық отты аса сақтықпен қолдануға кеңес береді. Өрттің белгілерін байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Бекарыс Секен