Аймақта жазғы демалыс лагерлерінің маусымы басталды. Балалар үшін бұл уақыт қызыққа толы. Ал, ата-аналар үшін бастысы – баланың қауіпсіздігі. Осы мақсатта Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Апаттар медицинасы орталығының мамандары балалар лагерлерінде қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырды.

Бұл жолы мамандармен кездесу тек түсіндіру жұмыстарымен шектелген жоқ. Балалар үшін арнайы жаттығулар ұйымдастырылды. Қатысушылар шартты өртті сөндіріп, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерімен танысты. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кедергілер жолағынан өтті. Балалар тек жаттығу жасап ғана қоймай, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді.

МАРИНА ЛИСКОВА, ШҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

ШҚО ТЖД құтқарушылары орманды алқаптар мен өзен-көл маңында орналасқан лагерьлерде балалармен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы шеберлік сағатында балаларға судағы қауіпсіздік ережелері тәжірибе жүзінде үйретілді. Бұдан бөлек, қауіпсіздік мәдениетін арттыратын арнайы викториналар мен байқаулар ұйымдастырылды.
Бізге осындай шаралар қажет. Балалар алғашқы көмек көрсету кезінде көп бала біле бермейді. Ата-аналар үйретпейді. Мұны біз үйрету керекпіз және ТЖ қызметкерлері үйрету керек деп ойлаймын. Балалар қазірден үлкен өмірге аяқ басу үшін осындай шара қажет.
Маған бүгін «Хит» атты ит ұнады. Ол өзінің тәжірибелігімен, төрт аяқты болса да көп пайдасы тиетінін білдім. Ол жоғалған адамдарды немесе ғимарат астында қалған адамдарды құтқарады. 

Осындай шаралар жаз бойы жалғасады. Мамандардың айтуынша, балалардың жазғы демалысы тек қызықты ғана емес, қауіп-қатерсіз өтуі тиіс.


ФАТИМА ТІЛЕЙХАНҚЫЗЫ,