Бүгінде тері аурулары күрделі мәселеге айналған. Бұл дерттің түрлері көп. Оны емдеу жолдары да оңайға соқпайды. Ал, кейбірі түбегейлі емделмейді. Дерматовенеролог мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Бұл дертке қандай дауа бар? Сақтану жолдары қандай? Әріптесім анықтап көрді.

№4 қалалық ауруханаға қарасты Тері –венерологиялық орталықта үш бөлім қызмет атқарып тұр. Атап айтқанда қабылдау бөлімі, стационар мен клиникалық зертхана бар. Мұнда айына 300 - 400 ге жуық емделуші келіп жүгінетін көрінеді. Мамандардың айтуынша, тері ауруларының көбі уайым-қайғыдан, иммунитеттің әлсіреуі мен гигиеналық талаптардың сақталмауынан пайда болатынын айтады. Соңғы жылдары елде тері ауруларын емдеудің жаңа әдіс-тәсілдері енгізіле бастаған.

Анар Челекенова, дерматовенеролог дәрігері:

Қазіргі таңда ең жиі қойылатын диагноздар ретінде тері ауруларының балалар арасындағы ортопедиялық дерматидтер және микоздар бар болып есептелінеді. Біздің тері аурулары орталықтарында тегін түрде ПЦР және анализдер тапсыра алады. Және сифилис ретінде барлық 12 жастан асқан пациенттер міндетті түрде тегін қызмет ала алады.

Денеге шыққан бөртпеге бей-жай қарауға болмайды. Себебі, тері ауруларының белгілері бастапқыда мүлдем байқалмауы мүмкін. Мәселен, бүгінде псориаз ауруы жасарып барады. Бұрын тек ересектерде ғана байқалса, қазір жасқа толмаған балалар да тері ауруына шалдығып жатады. Көбінесе, спортқа қатысатын жастарда теміреткі көптеп кездеседі, дейді дәрігерлер.

Эльмира Шрахметова, дерматовенеролог дәрігері:

Тері аурулары аллергиялық себептен де дамитын, аутоиммунды ауытқудан да дамитын аурулар болады. Жұқпалы инфекциядан дамитын аурулар болады. Остеофоликулит, фоликулит деген әртүрлі сикоздар және терінің саңырауқұлақпен зақымдануы жұққан инфекциямен ауыратын балалар және ересектер осы стационарға жатады.

Сондықтан терідегі кез-келген өзгеріске мұқият қарап, уақыт оздырмай дәрігерге қаралған жөн.


Фатима Тілейханқызы