Тарбағатай ауданының даму көрсеткіші қарқынды. Барлық салада ілгерілеу бар. Ауданда биыл 150-ден астам әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Туризм саласына да ерекше көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта Байтоғас ауылының маңында жаңа демалыс аумағы құрылысы басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Марат Қызов мәлімдеді.

Тарбағатай ауданының әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар қарқынды іске асырылып келеді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерде кезең-кезеңімен шешімін табуда. Мәселен, биыл ауданға қарасты елдімекендердегі 61 көше абаттандыру көзделген. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 615 млн. теңге қарастырылған. Аудан халқын таза ауыз сумен қамту, кәріз жүйесін жаңғырту ісі де жіті назарда.

МАРАТ ҚЫЗОВ, ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауызсу кәріз жүйесі жөнінде қысқаша айтатын болсам. 2024 жылы сегіз жобаға 346 млн. қаражат бөлініп, тоқытай игерілді. 2023 жылы Құйған және Жаңаауыл ауылдарында ауызсу желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталып, ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Аталған жобалардың жалпы құны 842 млн теңге құрады. Сондай ақ «ауыл ел бесігі» жобасы аясында Ақжар ауылының кәріз жүйесі қайта жаңғыру жұмыстары аяқталып, жеке үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілді жоба құны 418 млн.

Аудандағы оқушыларды сапалы біліммен қамту ісі де қарқынды. Сарыөлең ауылында жаңа мектеп салынып жатыр.Ал Тұғыл мен Ақжардағы білім ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Денсаулық сақтау саласында да игі шаралар қолға алынған.Мәселен, аудандық ауруханаға 160 кескінді компьютерлік томограф аппараты орнатылды. Туризм бағытын ілгерілету үшін тың бастама қолға алынды.

МАРАТ ҚЫЗОВ, ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Туризм туралы айта кетсем Тұғыл ауылдық округы Байтоғас ауылында, Қарсақбай учаскесі дейміз. Сол жердің ген планы өзгертіліп, былтыр екі жыл зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ген план өзгертіліп демалыс орынының құрылысын бастағалы жатырмыз. Қазіргі уақытта 30 жер учаскесі аукционмен алынды. Инвестрлар тартылып, жұмыстарын бастаймыз деп жатыр. Бүгінгі таңда ТОО «ТАГБЕНТ» көмегімен спонсорлық көмек ретінде үш скважина қазылды.

Ауданның әлеуметті-экономикалық дамуына тың серпін беретін ірі жобалар қатарында Сәтпай ауылы маңындағы әуежай құрылысы, Зайсан көлі порты мен Тұғылға дейінгі теміржол құрылысы. Бұл жобалар іске асса, Тарбағатай ауданы өңірлік логистика мен өндірістің жаңа орталығына айналмақ.


НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ