Аймақ цифрландыру саласында айтарлықтай жетістікке жетті. Тұрғындарды сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызметті ұзын-сонар кезекте тұрмай, онлайн форматта алуға мүмкіндік жасалды.Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін де беріп үлгерді. Қазіргі таңда облыста жасанды интелектіні пайдалану, оны әр салаға енгізу жұмыстарына басымдық беріліп отыр.
Цифрлық даму – ел болашағының негізі. Өңірде бұл бағытта ауқымды жұмыс іске асырылды. Мәселен, Риддер мен Алтай қаласында алты мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылды. 109 және 112 бірыңғай байланыс орталықтары азаматтардың өтініштерін цифрлық жүйелер арқылы қарап, салалық органдарға жолдап отыр.Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға жол ашты.
Арнұр Сапарғалиев,Облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары:
Телекоммуникация инфрақұрылымына келетін болсақ, 235 елдімекен сапалы интернетпен қамтылды. Бұл азаматтардың 97 пайызын құрайды. Жыл соңына дейін тағы 56 елдімекенді интернетке қосуды жоспарлап отырмыз. Ал қоғам игілігіне қолжетімсіз 66 елдімекенді 2027 жылдың соңына аталған қызметпен кезең-кезеңмен қамтимыз..
Өңірде жасанды интеллектке негізделген жобалар, инфрақұрылымдық жаңғырту, кадрмен қамтамасыз ету және халыққа алғашқы медициналық көмек көрсету бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Арнұр Сапарғалиев, Облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары:
Жасанды интеллекті денсаулық сақтау саласына енгізу барысында кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ал оны іске асыру үшін жасанды интеллектті қолдандық. Бұл қауіпті дертті ерте кезеңде анықтауға, сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Аймақ тұрғындары 100 пайыз электрондық денсаулық төлқұжатымен қамтылды. Осылайша цифрландыру тек өңірдің ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды факторға айналды.
Сая Жарасқызы