Өскеменде облыстық қан орталығының қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің аймақтағы департаменті «Донор күні» акциясын ұйымдастырды. Игі бастамаға өңірдегі салалық басқармалардың 100-ден астам өкілі қатысты.

Игі шараға қатысуға ниет білдіргендер алдымен медициналық тексерістен өтті. Дәрігерлер донор болу денсаулықты жақсартады дейді. Тұрақты түрде қан тапсыратындар¬дың өмірі шамамен 5 жылға ұза¬рады екен. Ал бір рет қан тапсыр¬ған жан орта есеппен үш адам¬ның өмірін құтқара алады. Қан тапсыруға небәрі 15 минутқа жуық уақыт кетеді. Алдымен әр донор өзі туралы сауалнама толтырады. Қан тобы мен құрамындағы гемоглобин мөлшерін анықтайтын сараптамадан өткеннен кейін ғана қан тапсыруға рұқсат етілген.

Мира Мустафина, ШҚО Қан орталығының халықты донорлыққа үгіттеу жөніндегі маман:

Акцияны ұйымдастыруға қолдау білдірген ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің шығыстағы департаментіне алғыс білдіреміз. Мұндай шараларға қатысу арқылы азаматтар өзге жанға көмек қолын созады. Өзгенің өмірін сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосады.

Егер адам 500 мл қан тапсырса, оның денсаулығына ешқандай зиян тимейтінін медицина ғылымы дәлелдеген. Сондықтан да, донор болғандардың денсаулығына еш зияны жоқ. Керісінше, донор болу арқылы көпке көмек көрсетіп отыр. Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің аймақтағы департаменті мұндай шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып отырады.

Дархан Хайруллин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары:

Осы акцияға мемлекеттік қызмешілер..... Мұндай акциялар бұдан әрі жалғасын табады.

Сырым Дарханұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы:

Қан тапсыру іс-шарасы жиі өткізіледі.......Мемлекеттік қызметші ретінде бұл бастама дұрыс шешім деп есептеймін.

Департамент өкілдері осы сынды өзге де қайырымдылық шаралары игі жалғасын табатынын айтады.

Мирас Сабитпеков