С.Аманжолов атындағы ШҚУ ЖОО арасындағы халықаралық рейтингінде орнын тағы да нығайтты. Top Universities платформасында жарияланған QS Asia University Rankings 2026 нәтижесі бойынша университет Азияның 1 529 үздік жоғары оқу орындарының қатарына еніп, 682-орынды иеленді. Бұл жетістік - мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесі. Университет негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетуде.
QS Central Asia 2026 рейтингінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ Орталық Азия бойынша 41-орынды, ал Қазақстан университеттері арасында 25-орынды иеленіп, оқу орнының тұрақты дамуын тағы да растады. Биыл QS Asia рейтингіне бірден 542 университет қосылып, қатысушылар саны тарихтағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Оқу орынның мақсаты — халықаралық рейтингте жоғары орын алу ғана емес, білім мен зерттеулердің нақты сапасын арттыру. Осылайша, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті өңір дамуының қозғаушы күші болып, Қазақстанды Азияның білім беру кеңістігінде лайықты таныту.
Сая Жарасқызы