Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жылды қорытындылады. Университет ректоры Сәуле Рахметуллина оқу орнында биыл іске асқан бастамалар жайлы сөз қозғап, стратегиялық даму бағыттарын айқындады. Брифингке мемлекеттік органдар, серіктес кәсіпорындар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Брифинг барысында университеттің цифрлық трансформация және халықаралық даму бағытындағы нәтижелері айтылды. Бүгінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті елдің жетекші инженерлік оқу орындарының бірі. Соңғы жылдары мұнда білім алғысы келетін студенттер саны да артқан. Мәселен 2024 жылы 6 мыңнан астам студент білім алса. биыл бұл көрсеткіш 7,5 мыңға жеткен. Түлектердің 96 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған. Оқытушылар құрамының 48 пайызы ғылыми дәрежеге ие, ал өндірістік тәжірибесі бар мамандардың үлесі 21 пайызды құрады.

Сәуле Рахметуллина, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:

Соңғы жылдары университет ғылым саласында берік негіз қаланды. Материалдық техникалық база жаңартылды. Ғылымдардың кәсіби деңгейі артты және технологиялар мен білім беру бағдарламалары енгізілді. Өндіріс орындарымен тұрақты серіктестік бар. Министрліктің қолдауының арқасында ғылымды қаржыландыру көлемі 2022 жылы 1 млад 17 теңге болса 2025 жылы 4,5 млад теңгеге дейін артты. Ал университет бюджетінде ғылымның үлесі 18 пайыздан 13 пайызға дейін өсті.

Халықаралық бағытта да айтарлықтай ілгерілеу бар. Бүгінде мұнда 16 елден келген 215 шетелдік студент білім алуда. ШҚТУ Erasmus+, Horizon Europe, DAAD және BMBF бағдарламаларына қатысып, 67 шетелдік профессорды тартқан. Сондай-ақ Coursera платформасында 3 мыңнан астам студент халықаралық сертификатқа ие.

Сәуле Рахметуллина, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:

Біздің ғылыми даму стратегиямыз үш негізгі бағытқа негізделген. Ол зерттеу, инновация және комерцияландыру. Бұл тәсіл университет пен өңірдің тұрақты дамуына және технологиялық жетістіктерге жол ашады. Біз ғылым мен өндірісті біріктіріп, нақты өнімдер мен шешімдерге айналдырамыз. Осылай ша идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық тізбек қалыптасады.

Инновациялық инфрақұрылымды дамыту – университет қызметінің маңызды бағыты. Өткен жылы “Industrial AI” орталығы мен қазақ-неміс ғылым және технология институты ашылды. Ал қайта жанданған «Алтай» технопаркі ғылым, бизнес және білім интеграциясының аймақтық хабына айналған.

Тұрарбек Әзекенов, «Казцинк» ЖШС металлургия жөніндегі атқарушы директоры:

Бұрын студенттер, сәл ұяңдау, тұйықтау болатын. Бұл, бәлкім, сол кездегі оқу әдістемесінің ерекшелігінде болар. Ал қазір жағдай мүлде басқа — бүгінгі студенттер әлемдік металлургия үдерістерін, жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдерді жақсы меңгеріп келеді. Бұған бір ден бір әсер ететін фактор жоғарғы оқу орынының дұрыс стратегиялық қадамы жасауы деп білемін.

Халықаралық университет “Жасыл даму” тұжырымдамасын жүйелі түрде іске асырып келеді. ШҚТУ еліміздегі «Жасыл университет» көшбасшыларының бірі саналады. Мұнда жеті экоклуб жұмыс істейді, ал Германия Елшілігінің қолдауымен Александр фон Гумбольдт орталығы ашылған. Бұл орталық экология мен климаттық инновация саласындағы халықаралық зерттеулерге арналған.

Нұртас Қайролдаев, Яна Мумлева