«Восток-Молоко» ЖШС – ауылдың да, ауданның да әлеуметтік және экономикалық тірегіне айналған ірі кәсіпорын. Заманауи технологиялар мен роботтандырылған жүйелер енгізілген мекеме ең озық шаруашылықтардың қатарында. Бұл кәсіпорын тек сүт өндірумен ғана емес, тұрғындардың әл ауқатын арттыруға да ерекше үлес қосып келеді.

«Восток-Молоко» ЖШС бүгінде ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп отырған кәсіпорын. Украинка ауылындағы сүт өндіретін қожалықтың өзі – Орта Азиядағы ең жоғары деңгейде роботтандырылған кешендердің бірі. Биыл шаруашылық 600 басқа арналған жаңа ферманы іске қосып, жаңа жұмыс орнын ашты. Ауыл тұрғындарының жартысынан көбі дәл осы кәсіпорындарда еңбек етеді. Мекеме тек өндіріс қуатын арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік жағжайына да ерекше мән беруде. Соңғы жылдары жаңа мәдениет үйі салынып, толықтай жабдықталды. Оның ішінде фельдшерлік пункт, жастар орталығы және кітапхана жұмыс істейді. Сондай-ақ дәріхана мен ауыл жұражайының құрылысы да қарқынды жүріп жатыр.

Сейілжан Сайлаубаев, «Восток-Молоко» Корпорациясы» ЖШС бас директоры:

Жастарға қазір өте, ана қара жұмыстан қашады. Жастар ауылға келу үшін не керек оларға? Үйлер керек. Сол үшін міне уже 4-5 үй салып қойдық. Мәдениет үйін салып бердік осында. ФАБ бар, мектеп бар. Соның бәрі ойлап отырмын мына жастарға көңілді, лайықты осы ауыл бола ма деп ойлап отырмыз. Қазақстанның нағыз болашағы ауыл дейміз. Ауылға сол үшін мына осындай дұрыс жағдай жастарға жасасақ, жастар келіп отырады ауылға. Соған сенеміз де, білеміз де, біздің болашағымыз ауыл деп отырмыз, Қазақстанның.

Сейілжан Жиренұлының бастамасымен атқарылып жатқан жұмыстар әкімдікпен бірлесе жүзеге асуда. Ауыл инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, жастарды тұрақтандыру мәселесі де бірлесе шешілуде. Қыста жолдарды тазалау, мектеп пен мәдени ошақтарға демеушілік көрсету – осының барлығы игі істердің бір бөлігі ғана. Өткен жылдың өзінде шаруашылық тарапынан ел игілігіне 200 млн. теңгеге жуық көмек көрсетілген.

Нұрхат Садықов, Т. Тоқтаров ауылдық округінің әкімі:

Құрметті Сайлаубаев Сейілжан Жиренұлымен сөйлестіңіздер, білесіздер. Біз үшін, біздің округ үшін, жалпы аудан үшін бұл өте керекті және маңызды серіктес деп айтатын болсақ артық емес. «Восток-Молоко» осы Украинка ауылының жалпы тұрғындарына жұмыс беріп отырған бірден-бір мекеме. Басқа облыста еңбек адамдарын көтеріп жатқан кезде осы кісінің көрінбейтін үлкен бір сондай бір маңызды бір рөлі бар деп айтамыз. Нағыз еңбек адамы, нағыз еңбек ері деп ойлаймын.

Қазіргі таңда жұмысшыларға арналған тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Бірнеше отбасы жаңа үйлерге қоныстанып үлгерсе, айдың соңына дейін тағы төрт үйдің кілті табысталмақ. Ал келесі жылы жұмысшыларға арналған жатақхана құрылысы қолға алынбақ.

Гүлнар Нұрғалымова, «Украинка» ЖШС қызметкері:

Біз қазір өзіміздің жұбайымызбен, бала-шағамызбен түгел осы жерде жұмыс жасаймыз. Сейілжан Жиренович өте жақсы жағдай жасап отыр. Зарплатасы да әр уақытта уақытында. Әрбір айдың оны күні қолымызға аламыз. Бүкіл жұмысшылар тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Тегін жаңағы жатаханамен қамтамасыз етілген. Өте жақсы жағдай жасалған. Қазір сол келетін еңбеккерлерге, жұмысшыларға қаншама үй салуға жоспарлап отыр. Үйлер өте сапалы, жоғары сапалы деп айта аламын. Міне бір жыл отырдық көгерген де жоқ, тап-таза.

Нұрболат Бердіханұлы, Учаске басшысы:

Менің жұмысым міне бүкіл тезникаға жауап берем, малға жауап берем. Малдың хал-жағдайы, Жұмысшыларға жауап берем. Көріп тұрғандарыңыздай бұл жерде жұмысшы өте аз. Ары кеткенде үш кісі, төрт кісі жүреді. Специалистардан. Жұммыс автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады толығымен. Сейілжан Жиренович генеральный директор біздің үйретті, оқытты. Бобровкада он кінші жылдап бастап жұмыс атқарады осыгндай ферма. Роботтандырылған. Сол жерге барып, үйреніп барлығын толық көрдім.

Кәсіпорын – тек өнім өндіруші ғана мес, Ұлан ауданының әлеуметтік тірегі. Ал елін көркейтуді мақсат еткен Сейілжан Жиренұлының еңбегі – елге үлгі.

Талант Тұрсынов