Әкімдердің халық алдында есеп беруі жалғасуда. Кезекті жиында Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов 10 ай көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Ауыл шаруашылығы – Самар ауданының тірегі. Алдағы уақытта аталған бағытқа инвестициялар тарту бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізілмек.

Самар ауылындағы Ешкібай су қоймасының бөгеті арқылы суармалы жерлер пайдаланылады. Биыл суармалы жердің жалпы көлемі 500 гектарды құрады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға, ауданның аграрлық секторын тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.

Серік Жеңісов, Самар ауданының әкімі:

Біз жаз бойы үлкен, кішкене шаруа қожалықтарының барлығымен жүріп шықтық. Бұрынғы Кеңес үкіметінің совхоз, колхоздардан қалған жерлеріміз бар. Ол жерлерді қарадық. Дайын тұрған жерлер бар екен.

Биыл жазғы маусымда Самар жағалауына шамамен 50 мың турист келген. 2030 жылы бұл көрсеткішті 150 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Серік Жеңісов, Самар ауданының әкімі:

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ақша бөлдіртіп, Сарыбел жаққа 30 шақырымдай жол жасадық. Миролюбовка ауылының ар жағына шықтық. Енді келесі жылға ұсыныс жасап жатырмыз.

Бұдан бөлек, аудан аумағында облыстық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Васильев өткелі арқылы паромның іске қосылуы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезең болды.

Аяулым Усинова