Ұлан ауданында еркін күрестен Өмірбек Мұзапарұлына арналған дәстүрлі республикалық турнир басталды. Бұл дода жас балуандардың шеберлігін шыңдап, үлкен спортқа алғашқы қадамын нық басуына жол ашатын айтулы жарыстардың бірі. Биыл жарысқа елдің түкпір-түкпірінен 160 астам жас спортшы жиналды.

Боз кілемде еліміздің әр өңірінен жиналған өрендер өзара кім мықтыны анықтады. Әр белдесу тартысты өтуде. Бұл турнир жас балуандар үшін үлкен тәжірибе алаңы әрі болашақта үлкен спортқа бастайтын маңызды қадамдардың бірі.

Марат Мұзапаров, Облыстық еркін, грек-рим және әйелдер күресі Федерациясының Президенті:

Мына біздің турниріміз төрт рет облыс деңгейінде өтті. Енді мына екі жыл республика деңгейінде республика деңгейінде өтіп жатыр. Ені аманшылық болса турнирімізді дәстүрлі өткізуге қол ұшымызды беріп ары қарай жалғастыру ойымызда бар. Осы ретті сіздерді пайдалана отырып үлкен рахмет айтқым келеді Ұлан ауданы әкімдігіне, Арман Илиясұлына, біздің спорт басқармасына, Асқар Байжігітұлына. Сол кісілер қолдап, қол ұшын беріп, осы турниріміз жақсы деңгейде өтсін деп көмектесіп жатыр.

Турнир биыл ерекше тәртіппен, нақты регламентке сай өткізілуде. Барлық кезеңдер — мандаттық тексерістен бастап финалдық белдесулерге дейін — алдын ала бекітілген бағдарлама бойынша ұйымдастырылған. Жарыстың жүйелі өтуі жас палуандардың дайындығын бағалауға және олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Асқар Можанов, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Бұл жарыс – жас балуандардың шеберлігін шыңдап, спорт арқылы бірлік пен достықты нығайтатын маңызды дода. Осындай игі дәстүрдің жалғасын табуына үлес қосқан Облыстық күрес федерациясының ұйымдастыру комитетіне, сонымен қатар турнирдің өтуіне ерекше қолдау көрсеткен Марат Өмірбекұлына ризашылығымды білдіремін. Барлық спортшыларға сәттілік, Ал төрешілер алқасынан әділ де шынайы төрелік күтеміз.

Лязиза Кенжетаева, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:

Бұл турнир жарқын естеліктердің, батырлықтың және әке мен ұрпағының мәңгілік байланысының символы болғай. Бүгінгі жарыстағы қатысушыларға табыс, әр-бір қадамдарыңызға сәттілік тілейміз.

Жарыс халықаралық UWW талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, әр салмақ дәрежесінде белдесулер кезең-кезеңімен жалғасты. Боз кілемдегі тартыс та ерекше — жас өрендер техникалық дайындықтары мен күрес мәдениетін көрсетіп, әр кездесуде нағыз жігер мен шеберліктің үлгісін танытты.

Нұрболат Мағзумов, бас төреші:

Жарысымызға мықты-мықты палуандар келіп жатыр. Қарап отырсақ, Павлодардан, Алматы облысы Алматы қаласынан мықы спортшылар келді. Қазір ойлаймын жақсы жарыс көріп мықтыны анықтаймыз. Бізде 2008-2010 жылы туылған спортшылар арасында болып жатыр. 10 салмақ бойынша. Бұл жерде өзіміздің бекітілген UWW ережесі бар. Сол бойынша күрестіріп жатырмыз. Мықты жеңіп шығады. Сәттілік бәріне.

Жарысқа қатысушы командалардың өкілдері турнирдің ұйымдастырылуын жоғары бағалап, оның жылдан жылға кәсіби деңгейге жақындап келе жатқанын атап өтті. Боз кілемге шыққан жас өрендер үшін мұндай бәсекенің маңызы зор — олар мықты қарсыластармен белдесіп, тәжірибе жинап, өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алуда.

Нұрсұлтан Тілеуғабыл, Көкшетау облысы құрамасының бапкері:

Бірінші рет келіп тұрмыз осы жарысқа. Болашақта жыл сайын келсек деген ойымыз бар. Толық командамен 00:21скл00:41 Шығыс Қазақстан обылыс мен Абай облысы жақсы дәрежеде келіпті. Негісі Павлодар облысы мен Қарағандыдан жақсы балалар келді. Көреміз кілем көрсетеді қалай болатынын.

Әбілхайыр Марат, жарысқа қатысушы (Көкшетау):

Еркін күреспен айналысып жүргеніме бес жыл болды. Осы турнирге арнайы келдім. Өкінішке қарай, бірінші айналымда жеңіліп қалдым. Бірақ қарсыласым финалға шығады деп үміттенемін. Сонда менде белдесуге мүмкіндік алып, үшінші орынды жеңіп алуға тырысамын. Турнир өзіме ұнады, ұйымдастыру деңгейі жоғары.

Республикалық турнир төрт күнге жалғасып, барлық салмақта үздіктер анықталды. Өмірбек Мұзапарұлына арналған бұл дода жас өрендер үшін үлкен спортқа жол ашады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта жарысты облыс орталығында өткізіп, оның ауқымын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Нұртас Қайролдаев