Аймаққа жұмыс сапарымен Мемлекет басшысының кеңесшісі келді. Облыс әкімдігінде Мәлік Отарбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға салалық басқармалар мен департамент басшылары, аудан әкімдері қатысты. Отырыста спикерлер президент Жолдауын іске асыру барысын талқылады,

Отырыс барысында Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрлық трансформация мәселелеріне, адами капиталды дамытуға және заманауи технологияларды өмірдің барлық саласына енгізуге айрықша назар аударатынын атап өтті. Бұл міндеттер өңірлер жұмысының алдағы бағытын айқындап, жүйелі жұмысты талап етеді. «Цифрландыру мен жасанды интеллект – азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға, олардың өмір сапасын жақсартуға және елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға арналған құрал», – деп атап өтті Президент кеңесшісі.

Мәлік Отарбаев, ҚР Президентінің Кеңесшісі:

Қазақстан халқына арналған Президентіміздің жолдауы маңызы бар құрал. Мемлекеттік маңызы бар құжаттың міндетті түрде саяси салмағы болады, идеологиялық мән маңызы болады. Сондықтан да, біз Ел Президентінің әрбір сөзіне мән беріп, берілген әрбір тапсырмаларына жауапкершілікпен қарап, елдің дамуына бағдар беріп, мән беріп отырамыз. Әсіресе мынау заманмен санасып отырған, озық технологияларды пайдалануды мақсат етіп отырған жолдау біз үшін өзекті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, өткен жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталса, биыл Катонқарағай мен Зайсан аудандарында әуежай салынуда. Сонымен қатар, экономика мен әлеуметтік сала да қарқынды даму үстінде. Жыл басынан бері 19 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұдан бөлек, биыл облыс бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынып, жыл соңына дейін 36 медициналық нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Жақсылық Омар, ШҚО әкімінің м.а:

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәкеғс біздің облысымызда арнайы жұмыс тобы құрылып өзіміздің бағдарламалық құжат әзірленген. Қазір барлық сала бойынша цифрландыруды мақсат етіп қойдық. Жобаларды іске асырудамыз. Бұл жобалар бізде тұрақты бақылауда болыып, жүзеге масатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша Мәлік Отарбаев алдағы үш жылда өңірдің цифрлық трансформациясын жеделдету қажеттігін және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында заңдылық пен жауапкершілік қағидаттарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сая Жарасқызы, Дильназ Мурзагалиева