Аймақтағы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, прокуратура, полиция департаменті және жергілікті атқарушы орган өкілдері бірлесіп «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері атты форум» ұйымдастырды. Шараның мақсаты тұрғындардың қаржылық сауатын арттыру.

Қаржы мониторингі агенттігінің бастамасымен өткен форумға мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Мақсат – өңір тұрғындарының интернеттегі қаржылық сауатын арттыру, алаяқтықтың алдын алу. Форум аясында нақты оқиғаларға негізделген деректі фильм көрсетілді.

ЖАСҰЛАН ДАУКЕНОВ, ШҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі өткізіп жатқан іс-шара қаржы пирамидасы мен дроперлік схамаларға қарсы іс-қимыл жасау үшін жасау үшін өткізіліп жатқан шара. Біздің міндетіміз түсіндіру, ескерту қорғау. Департамент тұрақты түрде жұмыс жасап жатыр қазіргі таңда. Алайда бұл жұмысты барша қоғам болып жұмыла істеуіміз қажет. Мемлекеттік органдар, білім беру саласында да, ата-аналар және жастар бұқаралық ақпарат құралдары, блогерлер барлығының қолдауы қажет деп ойлаймын. Жеңіл ақша көбінде ауыр салдарға алып кеп соғады. Заң мен тіртіп тек талап емес баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз деп ойлаймын.

Қазіргі таңда әлеуметтік желіні жайлаған алаяқтар көпшілікті аз қаржы салып еселеп пайда табуға болатын жалған ұсыныстарымен тұзаққа түсіріп келеді. Интернет арқылы алдау-арбау әдісі де түрленіп отыр. Өскеменде ұйымдастырылған жиында қауіп-қатердің алдын алу жолдары түсіндірілді.

ЕРМЕК ЖҰМАҒҰЛОВ, ШҚО БОЙЫНША «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ МЕНТОРЫ:

Жиын барысында әлеуметтік желіде алаяқтардан сақтанудың жолы түсіндірілді. «Қарызсыз қоғам» жобасы – халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған. Биыл біз қаржылық қиындықтарға тап болған, алаяқтардың құрбанына айналған азаматтарға көмек көрсеттік.

Форумға танымал спортшы Айдын Смағұлов қатысты. Ол өңірдегі жастарды әлеуметтік желіде аса сақ болуға шақырды.

АЙДЫН СМАҒҰЛОВ, Сидней Олимпиадасының жүлдегері:

Қазіргі күнде бұл деңгейде өте үлкен жұмыс жүру керек. Үйткені осы алаяқтарға жастар көп ілініп жатыр. Бұл елімізге және халқымызға өзінің кесірін тигізуде. Осы жұмысқа қосыла жұмыс істеуіміз керек.

Шараны ұйымдастырушылар аймақ тұрғындарын цифрлыұ платформаларда сауда, кез-келген қаржылық әрекеттерді іске асыру барысында сақ болуға шақырды.


Нұртас Қайролдаев