БАҚ қызметкерлері күніне орай облыс әкімі өңір журналистерінің басын қосып, мерекелік форум өткізді. Аймақ басшылығының атынан сала мамандарына құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды. Қаламы қарымды, сөзі өткір үздік тілшілердің еңбегі еленіп, марапат төріне шықты.
Шараға өңірлік байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен республикалық газет, телеарналардың облыстағы қосындарының меншікті тілшілері жиналды. Салтанатты рәсіммен басталған кеште қалам иелері мен сала қызметкерлерін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов кәсіби мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Қадірменді біздің БАҚ қызметкерлері сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер әрдайым жаңалықтың, жақсылықтың жаршысы болып, халыққа шынайы ақпаратты, дұрыс ақпаратты жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздер осы мемлекет пен қоғам арасындағы бір байланыс, керемет көпірі іспеттісіздер.
Форум барысында БАҚ үздіктеріне облыс әкімінің және мемлекеттік, өңірлік салалық басқармалары атынан арнайы алғысхаттар табысталды. Журналистер Мемлекет басшысының атынан берілетін «Құрмет» орденіне, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары мен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар маманға аймақ басшысының арнайы алғысхаты мен сыйлығы берілді.
СЫМБАТ РАМАЗАНОВ, «САЯХАТ БЛОГЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ:
Бүгін міне осындай үлкен бір мереке болып жатыр. Әсіресе басшалыққа үлкен алғыс айтқым келет.Әрбір салада жазып жүрген журналистердің біреуін қалдырмай осындай үлкен бір жиында бас қосып, әрқайсымызды марапаттап жатыр. Бұл туризм не мәдениет саласы болсын. Әріптестерімді бүгінгі мерекемен құттықтаймын, дендеріне саулық тілеймін. Жалпы шығыстың журналистикасы өте мықты, біз бүгін соны дәлелдеп отырмыз.
МЕРЕЙ ҚАЙНАРҰЛЫ, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ШҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
БАҚ өкілдерінің мерекесі құтты болсын. Біз жыл көлемінде қарбаласып еңбек етеміз. Жаңағы айтқандай арқалағанымыз алтын, жегеніміз жантақ. Сол жыл көлемінде еңбек еткен, еңбегіміздің нәтижесін бүгін бір күнде көріп жатырмыз. Жоғары жақтың, басшылықтың еңбегімізді бағалап марапаттап жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Құрмет, рахмет айтамыз!
ГҮЛНҰР ТҮСІПОВА, «ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ:
ШҚО бойынша үздік хатшы номинациясына ие болып жатырмыз. Өте үлкен мәртебе. Бұл деген біздің жұмысымыздың ақталып бағаланып жатқаны. Енді біз БАҚ-пен өте тығыз байланыстамыз және жұмыстамыз. Сондықтанда келе жатқан мереклеріңізбен барлықтарыңызды құттықтаймын.
Билік пен бұқараны байланыстыратын мамандық иелерінің қоғам алдындағы жүгі ауыр. Халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған мамандар күн-түн демей ақпарат таратады. Бұл күні де тынымсыз тірлікпен айналыса жүріп айрықша құрмет-қошеметке бөленген сала өкілдері үшін кәсіби мерекенің орыны бөлек.
ДИДАР ЕРБОЛАТҚЫЗЫ