Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында жаңа амбулатория іске қосылды. Бұл аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ашылған төртінші нысан. Игі бастама ауыл азаматтарына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.
Медициналық мекеменің ашылу салтанатына аталған саланың ардагерлері де шақырылды. Салтанат Акитова саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған.
Салтанат Акитова, зейнеткер:
Мен осы ауылға, Бобровка ауылға келетінмін. 82 жылдан бастап осында жұмыс істеймін. Уже 40 жыл жұмыс, еңбек істедім. Амбулаторияда заведующий болдым, участковый больницы болған бізде. Енді, қазір, бүгін енді өте қуаныштымыз, осындай жаңа амбулатория ашылып жатқанына өте қуаныштымыз. Қазіргі амбулатория мынау современный технологияға, енді, стройтельство жасаған ғой. Мынау кішкене просторная, уютная, іші кең, ауылдастарға өте мына жақсы болады деп ойлаймын.
Жаңа медициналық орталықтың ашылғанына тұрғындар жағы дән риза.
Валерий Заруцкий , ауыл тұрғыны:
Бұрынғы аурухананың жағдайы көңіл көншітпейтін еді. Қазір, міне, жаңа амбулатория салынды. Барлық жағдай жасалған, заман талабына сай. Ауыл халқына сапалы қызмет көрсетіледі деп сенемін. Бұрын тек екі-үш бөлмелі шағын орын болса, қазір толық жабдықталған үлкен ғимаратымыз бар.
Жаңа амбулаторияның құрылысына 448 млн. теңге қаражат бөлінген. Мердігер «Дом-Сервис» ЖШС. Мекеменің жалпы аумағы 400 шаршы метр. Мұнда физиотерапия кабинеті, емдік дене шынықтыру залы, стоматология және күндізгі стационар бар.
Мерхат Увазыров, Глубокое аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Қазіргі уақытта объект өзімізге алған соң тағы штатный единицалар қосылады, лфк каб дәрігері қосылады, физиолечение фельдшері қосылады, жәнеде бізде дневной стационар бар 4 койкамен, сондықтан бұл ғимарат көп күтілген, біз өте қуаныштымыз.
Ұлттық жоба аясында шалғай ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі артты. Жыл сайын бұл көрсеткіш өңірде ұлғайып келеді.
Арайлым Кенжеғұлова, облыстық құрылыс басқармасының бас маманы:
Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында ШҚО бойынша ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасының аясында 36 медициналық нысана құрылысы жоспарланған болатын. Қазіргі таңда барлық нысандардың құрылысы толығымен аяқталды десек болады. Өткен жылдың соңында осы біз тұрған ауылда, Бобровка ауылында, Глубокое ауданының Бобровка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталған. Қазіргі таңда сәтті аяқталып, мердігер ұйым Дом строй сервис құрылыс компаниясының жүргізілі. Қазіргі таңда бәрі сәтті аяқталып, пайдалануға беріліп жатыр. Жалпы, негізі құны 448млн. теңгені құрайды. Құрылыс уақытында аяқталды. Енді халықтың игілігіне пайдалануға беріледі.
Жаңадан ашылған амбулатория – ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл – ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жолындағы маңызды қадам.
Нұртас Қайролдаев